Қар жауып, тұман түседі: Алдағы күндері ауа райы қандай болады — Қазақстан жаңалықтары
Синоптиктер наурыздың 28-30 күндеріне арналған ауа-райының болжамын ұсынды.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметтері бойынша, Өзбекстан аумағында орналасқан циклонмен байланысты бұлтты массив солтүстік-шығысқа қарай ауысады.
«Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде күн күркіреп, қатты жел күшейеді. Солтүстік-шығыс бағытқа жылжиды. Циклон әсерінен республиканың орталық, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауады», — делінген хабарламада.
Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық фронттар еліміздің батыс және солтүстік аймақтарына ауысады. Мұнда жаңбыр мен сулық қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы орташа температурадан 3-тен 5 градусқа жоғары болады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz