Қар жауып, көктайғақ болады: Қазақстанның 9 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазгидрометтің синоптиктері жұма күні Қазақстанның аймақтарында ауа райының қолайсыздығы туралы ескертті.
Скандинавия аймақтарынан келетін циклон әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Жел күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Тек елдің оңтүстік-батысында Солтүстік-Батыс антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
23 қазанға қараған түні Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус аяз күтіледі.
Түркістан облысында кей жерлерде жел секундына 15-20 метр күтіледі. Түнде облыстың кей жерлерінде 2 градус аяз күтіледі.
Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ болады, қар жауады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метр болады.
Күндіз Алматы облысында таулы аудандарда нөсер жауын жауады, кей жерлерде жел секундына 17-22 метрге жетеді.
Ақмола облысында көктайғақ, бұрқасын болмақ. Батыс және солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тұман күтіледі, күндіз Батыс Қазақстан облысында секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді.
Нұр-Сұлтанда түнде минус 3-5 градус, күндіз 0-2 градус болады. Қар жауады деп болжанды.
Алматыда түнде ауа температурасы + 5-7 градус, күндіз 8-10 градус болады.
Шымкентте түнде + 3-5, күндіз 11-13 температура деп болжанды