Қар мен мұзтайғақ. Алматылықтарға ғимарат маңында жүрмеуге кеңес берді — Ел жаңалықтары

0

Алматы әкімдігінің өкілдері қалалықтарға тротуарда жүргенде аса сақ болуды және ғимарат маңына жақындамауды сұражы, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы қаласының құрметті тұрғындары мен қонақтары! Қазгидрометтің дауылды ескертуіне орай Алматы қаласында 24 қарашаның 25 қарашаға қараған күнінің кеші мен түнінде жауын жауып, оның арты қарға айналуы, соның салдарынан көктайғақ болуы мүмкін. Ауа райының бұзылуына байланысты қаланың қозғалыс бөлігіне мұз қатып, жол тайғанақ болуы, бұл апат жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін, сондықтан жеке көліктерді пайдалануды шектеуді ұсынамыз», — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерден тротуарлармен жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды, көпқабатты нысандардан алшақ болуды өтінеміз.

Айта кетейік, 25 қарашада күндіз және түнде жауған қар тазартылып, сыртқа дереу шығарылады.
Осыған орай, Алматы қаласының әкімдігі автоәуесқойлардан жол жиегіне көліктерін қалдырмауды, қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеуді сұрайды.