«Қар ериді, кетеді»: Елорда әкімі төтенше жағдай кезінде Дубайға неге кетіп қалғанын түсіндірді – Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Сұхбат» бағдарламасында арнайы интервью берді. Онда қаладағы төтенше жағдайға байланысты қандай жұмыстар атқарылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Алтай КөлгіновҚаладағы қар тазалау жұмыстарына көңіліңіз толады ма? 

Біріншіден табиғат бізді сынап тұр. Қар өте көп. Оның үстіне бір аптадан бері боран соғып тұр. Бір күн тынышталғанда бірақ ұарды жинап үлгердік. Енді қайтадан боран басталды. Біздің коммуналдық мекемелер күндіз -түні жұмыс атқаруда. Олардың жұмысын бағалау керек. Боран басталып жатқанда бірлен ескерткен болатынбыз жаяу жүріп немесе машинамен қар тазалап жүргендерге жалақысына сыйақы қосып береміз. Нағыз еңбек азаматтары солар. Еңбекті бағалау керек. 

Бізде «Астана-Тазалық» деген ең негізгі мекеме бар. Сонымен қоса 60 жеке мекеме бар. Төрт ауданды бөліп қарайды. Қазір біздің міндетіміз жолды тазалау. Елорамызға бүкіл республикамыздан кіретін, шығатын трассалар жабық. Боранды басталғалы бері өзімнің әріптестерім Қарағанды, Ақмола облысының әкімдерімен жеке байланыстамын. Толық тәулік бойлы жұмысқа өткен кезде ТЖҚ, Ұлттық гвардия, әскерилерді көмекке шақырдық. Боранды күндері елорда 1020 адамды құтқарып алдық. Оның ішінде 7 аяғы ауыр әйелдер, 46 бала болды. Ол енді үлкен жұмыс. Жай көлікьердің барлы,ы қарға көміліп қалып тұр. ТЖҚ көліктерімен 15-30 шақырым жердегі боранда қалып қойған адамдарды шығарып, қалаға жеткіздік. 

Қазір үлкен сын болып тұр. Табиғат салмақ салуда. Оны мойындау керек. Қаржауғанымен қоймай, боран соғып тұр. Ол бүкіл қаладағы қардың бәрін бұрыш-бұрышқа үйіп, тратуардың бәрін жауып тасатады. 

Кеше осы ауа райының қолайсыдығына байланысты қалада ТЖ жарияланды. Тап осы күні сіз БАӘ сапарлап жүрдіңіз. Осы жаңалықты есіткен халық «бұл қалай болғаны», «жұмыстың нағыз қаурт кезінде бел ортасында әкім жүрсе» деген ойларын айтып жатты. Осыған жауабыңыз. 

Іс-сапарда мемлекеттік мүддемен жүрдік. Салынып жатқанына 10 жылдан асқан, жыры бітпейтін «Абу Даби Плаза» деген құрылыс бар. 

Сол мәселемен шейхтармен кездесіп, биыл бітіруді тоқ етерінен сұрақты қойдық. Олар келісті. Сол келіссөздер, себебі мынаның құрлысы сзлып кетті. Сол жердегі менеджменттің сапалы жұмыс істемегенінің арқасында жергілікті біздің мамандарға уақытылы жалақы да төленбеді. Соның бәрін айтып, келісіп, енді қайталанбауын сұрап қайттық. 

Екіншіден, бізге инвестиция тарту керек. Қар кетеді ериді. Ал инвесторларды кім алып келеді. Сондықтан жүйелі түрде ойлану керек. Әкім бар болса жұмыс бар, әкім жоқ болса жұмыс жоқ деп ойлау дұрыс емес. Сондықтан коммуналды қызметтер дұрыс жұмыс атқарды. Менің бір күнге барып келгенімнен ештене бола қойған жоқ. Кеше түнде келіп, қарды қайтадан бақылауға кірісіп кеттік. Онда тұрған ештене жоқ. 

БАӘ-дегі үлкен инвесторы 35 млн АҚШ долларға жеке инвест жобаны осында салатын болды. Ол бізге жақсы қолдау. Оның үстіне біз тағы үш инвест жобамен келіссөздер жүргіздік. 

Қазіргі әңгіменің барлығы қарда болып тұр. Сондықтан қазіргі уақытта дүрлігуге себеп жоқ. Шамалы сабыр ету керек. Бұл табиғаттың тосын мінезі. Оған қарсы келер ештеме жоқ. Бірақ оған қарап отырмаймыз біз. Бүкіл күшімізді жұмылдырып, күндіз-түні қар шығарып жатырмыз. Кешке түнгі он бірден үшке дейін аралап қарадық. Полигандардың барлығын қар басып қалған. Біздің камаздар тасып жатыр. Жүргізушілердің еңбегі. Ал полиганға барған машиналар кері шыға алмай қалды. Оны да мойындау керек. Себебі, жол көрінбейді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Осындай кезде біздің жастарға рахмет айтқым келеді. Тұрсынбек Қабатов сияқты елге танымал азаматтар мен спортшыларымыз «біз біргеміз» деген хештегпен президентіміз жариялаған «Ерікітілер» жылында бұл да бір жақсы, пайдалы іс болды деп ойлаймын. Балалар үйіне, мектептерге барып, осындай кезде бірлігіміз күшті екенін, қолдау беретінін көрсетті. Бұл да бір біздің қоғамның жанашырлығы дамығанның көрсеткіші. 

Ең басты мәселе бізге жолдарды ашып беру. Қаланың қақ ортасында жол мүлде жабық болды. Үш-төрт метрлік қардың қала ортасында тұрғанын көріп па едіңіз?! Менде ҚазГидромедтің статистикасы бар. Норма бойынша 16 мм қар түсу керек болса, қазір 50 мм түскен. Үш есе көп. Ал өткен жылы 10 мм түскен. Бұл дегенміз өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп. Демек бес есе көп жұмыс істеу керек деген сөз. Көп екен деп қол құсырып отырмаймыз, жұмысымызды атқарамыз. 

Боран соғып, қыс бет қаратпай тұрған кезде қоғамдық көліктер сиреп кететіндей болып көрінеді. Өзіңізде халық ішінде көп жүресіз. Әсіресе, кептеліс уақытында аялдамаларда бүрсең қағып тұрған адамның қарасы көп. Автобустың өзіне бас сұға алмайды. Өйткені іші толған адам. Осы мәселе бізде немен байланысты? Бізде автобус тапшы ма?

Жоқ, бізде автобус тапшы емес. Табиғаттың мінезін көрсетіп тұрғанда сондай мәселелер болады. Жолдың барлығы жабық. Қаланың ішінде құрылыс болғандытан желдің екпнін бәсеңдетеді. Ал елді мекендерде қар жолды жауып тастап жатыр. Соны тез арада ашу жұмыстарын жүргізіліп жатыр. 

Сондықтанхалық сабырлық сақтап шықпай тұр керек.  

Осылай автобус сирек болып тқрғанда, кептеліс  күшейіп жатқан кезде, қаладағы №2 автопарк жабылып қалды. Осыны түсінідіріп өтіңізші. 

Ол автопарктыі алған кредиті бар, басқасы бар деген мәселесі бар. Басқарып оытрған азаматтардың жұмысқа деген қабілеті болу керек. Қарыздары басынан асып жатыр. Сондықтан ол жердеі автобустард басқа автопарктерге бөліп бердік. Соонықтан оның жабылып қалуы кері әсер тигізген жоқ. Оның жұмысы тоқтай беретін болса, жағайы одан сайын қиындайтын еді. Жекеменшік автопарк еді. Егер ол міндетін атқара алмай жатса, онымен біз жұмысты тоқтатамыз. Ол басқа автопарктерге сабақ болуы керек. 

Қазіргі таңда автобустарды көбейтуге келген қаланың экологиялық жағында ойлауымыз керек. Сондықтан 100 электр автокөлігін іске қосуға шешім қабылдадық. Елорда болғандықтан біздің жұмыс жаңа модернизациялық, стандартты талаптарға жауап беру керек. Бір бірте бірте «жасыл экономикаға өтуіміз керек. 

Қаланың кейбір көшелерінде автобус жолақтары берілгелі біраз жылдың бедері болды. Халық арасында осындай тәжірибе оң нәтижесін беріп жатыр. Кептеліс сейлді. Неге осына қаланың баты көшелеріне енгізбеске деген әңгіме бар?

Дұрыс, өйткені, әлемдік тәжірибеде бар. «Баслейн» деген бірінішден қоғамдық көлікті пайдалануға ынталандырады. Әр қайссы бір бір көлік мініп алып кептеліс те тұрасыз немесе қоғамдық көлікпен тез жетесіз. 

Қоғамдық көлікке басымдық береміз. Қазіріг уақытта 24 көшеде «Баслейн» бар. Алдағы уақытта осыны кеңейтуді ойлап отырмыз. Бірақ тар көшеге қандай «баслейн» қоясың? Қай көше кең сол жерлеге береміз. 

Шаһардың кеткері көшелері мен аудандарында транспроттық мәселе нашар. Бұны президенттің өзі үкімет отырысында тап өтіп, бұл мәселеге тек сіз ғана емес, аудан әкімдері де білексыбана кірісуі керек деген тапсырма берді. Қандай жоспарларыңыз бар?

 Бізде он алты елді-мекен бар. Ол жерде 280 мыңнан астам азаматар тұрады. 25 % азамат сонда тұрады. Нұр-Сұлтан қаласын дамту деген жүйелі жоспар бар, соған арнайы бұлік ретінде осы мәселені бекіттік. Осы ұсынысымызды үкімет бекітіп, желтоқсан айында қаулы шықты. Алдағы үш жылда республикалық бюджеттен 80 млрд теңге бөлінетін болды. 

Биылдың өзінде қаланың іші мен сыртындағы 100 көшені жөндемекпіз. 4 спорт нысанын, 6 мектеп, 5 денсаулық сақтау нысанын саламыз.  Бұның бәрін алдағы үш жылға жоспарлап отырмыз. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз