«Қар ериді». Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Еліміздің оңүстік, оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батысындағы өзендерде су деңгейінен көтерілсе, батыста қатты жел соғып, боран болады
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Синоптиктер республиканың бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Дабылды ескерту Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында жарияланды.
«Алдағы демалыс және мейрам күндері еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батысындағы өзендерде сең жүріп, өзен арнасының тарылуынан су деңгейі көтерілуі мүмкін», — деп ескертеді Қазгидромет.
Сонымен қатар, еліміздің шығыс және оңтүстік-шығысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты жазық жерде қар еруі мүмкін.
Бұдан бөлек, 14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласында кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласында кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, тұман түседі, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/