Қақпашы екі минутта екі гол жіберіп алды – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қақпашы командасы жеңіліп жатқан кезде гол жіберіп алды, бірақ бұл оған сабақ болмады, дәл сол қателікті қайталап, тағы бір доп өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша — Sputnik. Жапонияның «Эхимэ» футбол командасының қақпашысы Масахиро Окамото екі минуттың ішінде алаң ортасынан екі рет гол жіберіп алды, деп хабарлады «Евроспорт».

Окамото өзінің айып алаңынан тыс жерде ойнағанды ​​ұнататын атақты неміс қақпашысы Мануэль Нойерге «еліктеген» болса керек.

Ешкім күтпеді: футболшы пенальтиден таңғажайып гол соқты – видео

Қақпашы 61-минутта командасы 1:0 есебімен ұтылып жатқан кезде қақпадан шығып кетті, ал «Ямагата» футболшысы Шан Накамура дереу бұл мүмкіндікті пайдаланып, алаң ортасынан допты қақпаға тепті.

​Окамото қателіктен сабақ алмады, келесі минутта тағы да алаңның ортасына қарай шығып кетіп, дәл сондай гол жіберді. Бұл жолы Тацухиро Сакамото шеберлік танытты.   

​»Ямагата» командасы «Эхимэні» 3:0 есебімен жеңді. Клуб Жапонияның екінші лигасында екінші орында, «Эхимэ» 16-шы орында келеді.



sputniknews.kz