«Қақаған аязда қайда барайын»: Бес баласын жалғыз тәрбиелеген әйел көмек сұрады
Алматы қаласында көпбалалы отбасы көшеде қалып қалудан қорқып көмек сұрады. Жалға алған пәтерге төлейтін ақшалары болмай отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy басылымы.
Алматылық Ақмарал Бижанова бес баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Тұңғыш қызы 12 жаста, ал кішісі әлі екі жасқа толмаған. Сондай-ақ, неврологиялық ауруға шалдыққан.
Ақмаралдың күйеуі тағдыр тәлкегіне шыдамай, отбасын тастап, есірткіге салынған. Енді бес баласын ол жалғыз өзі асырауға мәжбүр. Тұрғылықты мекенжайына байланысты құжаттары реттелмегендіктен, жұмысқа да шыға алмай отыр. Бұдан өзге кенжесіне үнемі қамқорлық қажет. Бүгінде отбасы балалардың жәрдемақысына күнелтуде.
Жергілікті шенеуніктер оның құжаттарға байланысты қиындықтарына көз жұма қараған. Осыдан кейін әйел әлеуметтік желі арқылы көмек сұрауға мәжбүр болды.
«Қақап тұрған аязда бес баламмен қайда барарымды білмеймін. Ешқандай жағдай жасалмаған қараусыз қалған ғимаратқа қайтып баруға қорқамын. Ол жерде жылу да жоқ. Кенже баламның иммунитеті әлсіз, үнемі ауырады. Жылы киімдеріміз де жоқ», — деді Ақмарал.
Ақмарал ханымның Kaspi нөмірі: +7 777 022 46 62