«Қаптамадағы нанды ғана сатып алу керек»: Сауда министрлігі қандай шектеулер енгізді — Қазақстан жаңалықтары

0

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бірқатар ұсыныстар жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

нан

Ведомство ірі сауда нысандарының жұмыс істеуін 10 сағаттан 18 сағатқа дейін шектеуді ұсынды.

Сауда объектілерінің аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары және басқа да ойын-сауық алаңдары жабылуы тиіс.

«Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істеуі керек», — деді ведомствода.

Сонымен қатар, министрлік нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді тек оралған күйінде сатуды ұсынды.

Ал азық-түлік емес базарлардың жұмысын 11-ден 17-ге дейін санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып шектеді.

Бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай басталғаны хабарланды.

stan.kz