Қапшағайда зейнеткерді өз үйінде пышақтап кетті

0
109
Қапшағайда зейнеткерді өз үйінде пышақтап кетті


12 қараша күні Алматы облысына қарасты Қапшағай қаласында 66 жастағы зейнеткердің өлі денесі өз үйінің жуынатын бөлмесінен табылды.

Аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен зейнеткердің жақын танысы, 61 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қайтыс болған әйел көптеген пышақ жарақатын алған. Жедел-іздестіру барысында зейнеткердің жақын танысы күдікті ретінде ұсталды.

«Кісі өлімімен аяқталған оқиға алкогольдік ішімдік ішу барысында жасалған. Күдікті ер азамат кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Сот-алды тергеу ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» фактісі бойынша жүріп жатыр. Оқиға орнынынан тәркіленген ас үй пышақтары тергеу материалына айғақ зат ретінде тіркелді», – деді Қапшағай қалалық полициясы басшысының бірінші орынбасары Азамат Тұрғынбаев.

Заңға сәйкес адам өлтірген күдіктіге  сегіз жылдан он бес жылға дейін басбостандығынан айыру жазасы тағайындалады.