Домой Жаңалықтар Қапшағайда тұрғын үй қымбаттап кетті

Қапшағайда тұрғын үй қымбаттап кетті

0
368

Қала облыс орталығы болады деген хабардан кейін, риэлторлардың мәліметіне қарағанда, тұрғын үй 40% қымбаттады. Әр шаршы метрі, орташа есеппен, 300 мың теңге болмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі  31-арнаға сілтеме беріп.

Егер сатушылар бір бөлмелі үйлер бұрын жеті миллион теңге болса, қазір 11 миллион теңгеден басталады. Екі бөлмелі үйлер бағасы 12 миллионнан 20 миллион теңгеге өсті. Жылжымайтын мүлікті сатып алуға негізінен Талдықорған, Қаскелең және Шымкент тұрғындары қызығып отырған көрінеді. Ал жалға беру бағасында әзірге өзгеріс байқалмайды. Бір бөлмелі пәтер 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін, екі бөлмелі пәтер – 125 мың, үш бөлмелі пәтер – 150 мың теңгеден.