Қапшағайда триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді

0

2019 жылы 18-19 мамыр күндері Қапшағай қаласында (Алматы облысы) Elite (кәсіпқойлар) және Age (әуесқойлар) санаттарындағы атлеттер арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

Ұлттық чемпионат – Қазақстан триатлон федерациясының қамқорлығымен Алматы триатлон федерациясы өткізуде.

18 мамыр күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Ақмола, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарынан 15 жастан жоғары болған Elite санатындағы 50 спортшы жарысқа қатысады. «Триатлон спринт» (750 м жүзу кезеңі + 20 км велосипед кезеңі + 5 км жүгіру кезеңі) және «супер спринт» (300 м жүзу кезеңі + 8 км велосипед кезеңі + 2 км жүгіру кезеңі) қашықтығында медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

19 мамыр күні Age санатындағы 120 спортшы «Триатлон спринт» (750 м жүзу кезеңі + 20 км велосипед кезеңі + 5 км жүгіру кезеңі) қашықтығында сайысқа түседі.

Жарыстар басталу уақыты: 08:00

Өтетін орны: Қапшағай қаласы, «Ривьера» демалыс аймағы (оң жағалау, Рауан ықшам ауданы).

Чемпионаттың мақсаттары: салауатты өмір салтын насихаттау, триатлонды дамыту және танымал ету, балалар-жасөспірімдер спортын дамыту және ҚР құрама командасының кадрлық резервін қалыптастыру үшін мықты атлеттерді анықтау.

Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министірлігі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, бас серіктес: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ,  Алматы облысының әкімдігі, Қапшағай қаласы әкімдігі, Қазақстан триатлон федерациясы.

Триатлоннан ҚР Чемпионатының қатысушылары үшін брифинг 2019 жылы 17 мамырда сағат 18:00-де келесі мекен-жайда өтеді: Қапшағай су қоймасы, «Ривьера» демалыс аймағы (оң жағалау, Рауан ықшам ауданы).

KzNews.kz


Тегтер:триатлон