Қапшағай тасжолы жабылды: Қалың түтіннің әсерінен 8 көлік соқтығысқан – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Қапшағай тас жолының 34 шақырымында қоқыс тастайтын жердің өртенуінен сегіз көлік соқтығысып, жаппай жол-көлік апатына әкеп соқты. Жүргізушілер қалың көк түтіннен жолды көрмей қалған. Қазіргі уақытта жол жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «QazAvtoJol» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

капчагай

 «QazAvtoJol» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай хабарланғандай, қоқыс Алматы уақыты бойынша сағат 14.30-15.00 шамасында жанып кеткен. Себептері әлі белгісіз.

«Ақылы учаске қызметкерлері өртке қарсы қызметке шұғыл хабарлама берді. Алматы – Қапшағай ақылы учаскесінің 33-35 шақырымы аралығында қоқыс өртеніп, көк түтіннен 8 автокөліктің (3 зардап шеккен адам, 1 ауыр жағдайда) қатысуымен ЖКО орын алды», – делінген хабарламада.

Оқиға орнына өртке қарсы қызмет, жол полициясы және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері келіп жетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жол полициясы қызметкерлері екі бағытта да қозғалысты уақытша жауып тастады.

Соңғы мәліметтер бойынша, жағдай өзгерген жоқ, ТЖД және МПС бірлесіп күшейтілген шаралар жүргізілуде.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз