Қапшағай тас жолында жантүршігерлік апат болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Көліктер жолдағы бетон және темір қоршауларға дейін қиратқан

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде — Sputnik. Алматы-Өскемен тас жолында Қапшағай маңында ірі жол апаты болды.

Куәгерлер әлеуметтік желілерде бірнеше көлік соқтығысқан жол апатының видеосымен бөлісіп жатыр.

Жантүршігерлік кадрде көліктердің ғана емес, бетон, темір жол белгілерінің қирағанын көруге болады.

@kris.p.almaty тобында жарияланған мәліметке сәйкес, жол апаты салдарынан бір адам қаза болған. Тағы екі адам түрлі жарақат алды.

Оқиға орнында патрульдік полиция жұмыс істеп жатыр.



sputniknews.kz