Қаныш Сәтбаевтың өмірбаяны: шын есімі, зерттеулері, отбасы

0

Қаныш Сәтбаевтың балалық және жастық шағы

Болашақ академик, геолог және қоғам қайраткері 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықта орналасқан Айрық деген жерде дүниеге келді. Бүгінде бұл — Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округіндегі Мұса Шорман аулы.

Дүниеге келген сәбиге Ғабдул-Ғани деп есім берген. Анасы ұлын еркелетіп Ғани, Ғаныш деп атапты. Артынша баланы барлығы Қаныш деп атай бастаған.

Қаныш Сәтбаев ауыл молдасынан білім алады. Ол араб, парсы тілдерінде оқыған. Мұнан кейінгі екі жыл көлемінде Сәтбаев уездегі алғашқы қазақ-орыс мектебінде білім нәрімен сусындайды. Мектеп Аққелін аулында ашылған.

1911 жылы Қаныш Павлодардағы орыс-қазақ училищесіне түседі. Ол үш жыл ішінде төртжылдық бағдарламаны меңгеріп алып, артынша Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түскен. Сәтпаевтың денсаулығы сыр бере бастағандықтан, диплом алу үшін емтиханды экстернмен тапсырған. Содан кейін Томск технологиялық институтына түсуге дайындалады.


©
Sputnik / репродукция фотографии

Қаныш Сәтпаевтың студент кезіндегі суреті

Асқынған туберкулезді қымызбен емдеу үшін 1920 жылдан 1921 жылға дейін туған өлкесінде болады. Осы кезде Қаныш Сәтбаев қазақ мектептеріне арнап алғашқы алгебра оқулығын жасауды бастайды. Бұл жұмысты 1954 жылы бітіреді.

Академик Қаныш Сәтбаевтың сара жолы

1921 жылдың басында Қаныш Сәтбаевтың тағдыры бір кездесуден кейін күрт өзгереді. Ол асқынған туберкулезден қиналып, қымызбен емделген-ді. Осы кезеңде Баянауылға емделуге кеңес геологы Михаил Усов келеді. 22 жастағы жігіт геология туралы әңгімелерге қызығып, 1921 жылы халық сотындағы қызметін тастап, Томскідегі техникалық институтқа түседі.

1922 жылдың басында дерті Сәтбаевтың жолына тағы да тосқауыл болады да, жас өрен ауылына қайта оралады. Бірақ Қаныш оқуын тоқтатқысы келмей, үйінде университет курсынан өтемін деп шешеді. Бұған Баянауылға жиі келетін Усов көмектеседі. Сәтбаев жарты жылдан кейін университетке оралып, 1929 жылы оны сәтті аяқтайды.


©
Sputnik / Иосиф Будневич

Геологиялық ғылымдар институты ішіндегі көрініс

Көп ғасыр тарихы бар қазақтардың арасында тұңғыш геолог атанған Қаныш Сәтбаев Жезқазған және Қарсақбай ауданындағы басқа да пайдалы қазбалар кен орындары геологиясын зерттеді.

Сәтбаев геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді, оның жетекшілігімен бұрғылау мастерлері, сызба сызушылар, прорабтар және т.б. кадрлар қалыптасты.

Қазақстандық ғалым Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғыдан әлдеқайда көп екенін дәлелдеді. Осы жаңалық үшін оған 1940 жылы КСРО жоғары мемлекеттік наградасы – Ленин ордені берілді. Кейінірек оған тағы төрт орден табыс етілді.


©
Foto / Илья Буяновский

Қарсақбай зауыты

Қаныш Сәтбаев соғыстан кейінгі жылдары елде ғылымдағы күштерді жинап, Қазақ ғылым академиясын құрды.

1946 жылы ашылған ҚазКСР ғылым академиясының алғашқы президенті болып Қаныш Сәтпаевтың сайлануы кездейсоқтық емес.

1947 жылы наурызда Қаныш Сәтпаев КСРО жоғарғы кеңесінің депутаты ретінде Лондонда Уинстон Черчиллмен кездесіп, одан: «Өзге қазақтар да сіз сияқты бойшаң ба?» деп сұраған. Академик: «Қазақтардың арасында мен ең кішісімін! Халқым менен де биік» деп жауап берген екен.


©
Sputnik / РИА Новости

Иван Бардын мен Қаныш Сәтпаев

Қаныш Сәтпаев туралы естелік

Баянауылдағы Қаныш Сәтпаевтың мемориалдық музейіндегі пікірлер кітабында мынадай жазба сақталып келеді: «Қаныш Сәтпаев – халқының ұлы баласы, кемеңгер ғалым, белгілі инженер. Қанекенің өмірлік жолындағы әртүрлі буыны өз елін қалай жақсы көру қажет екенін және қалай ынтамен беріліп қызмет етудің үлгісі болды». Бұл сөздерді Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан еді. 

Баянауылдағы музей қоғамдық бастамалармен 1964 жылы ашылды. Сол кездегі политехникалық институт студенті Ғаділбек Шалахметов Алматыдан академиктің туған жеріне оның әйелі Тайсия Алексеевна Сәтпаева табыстаған заттарын, құжаттарын, фотосуреттерін әкелді.


©
Sputnik / Евгений Тиханов

Академик Қаныш Сәтпаев

Осылайша экспозиция негізі қаланған болатын. Жергілікті басшылық музейге арнап Мәдениет үйінің бір бөлмесін берді. Жәдігерлер саны уақыт өткен сайын артып, 1967 жылы Қаныш Сәтпаевтың мемориалдық музейі мемлекеттік мекемелер қатарына енді.

Музейдің қазіргі ғимараты 1973 жылы салынды. 1989 жылы академиктің 90 жылдығына орай оған тағы екі қабат қосылды. Музей қорында 3657 экспонат бар, оның 1400-і экспозициялық залға қойылған.

«Сәтпаев пен оның отбасына тиесілі экспонаттар өте көп. Жеке заттары, сыйлықтар, кітаптар, минералдар коллекциясы. Оның өмірінде қолданған заттары, киімдері – үштік-костюм, пальто, қалпақ, аяқ киім, жұмыс үстелі, көзілдірік, ұстара станогы, тостаған және табақша, жазу заттары. 1966 жылы экспонаттарымыздың көп бөлігі Таисия Сәтпаеваның музейіне берілді», — деп бөлісті Sputnik Қазақстан тілшісіне Баянауыл музейінің экскурсоводы Әлия Кашкеева.

Баянауылда Қаныш Сәтпаевтың 1941-1942 жылдардағы жұмыс жоспарының түпнұсқасынан басқа еңбектерінің көшірмелері қойылған. Басталған қойын дәптерлері бар, көбінесе өз қолымен толтырған.

Музейге жұбайы Сәтпаевамен бірге Жезқазған бассейні аумағынан жинаған минералдар коллекциясы қойылған. Тағы бір маңызды жәдігер – 1956 жылы мүсінші Вучетич жасаған Қаныш Сәтпаевтың мүсіні.

«Қаныш Сәтпаевқа осындай ерекше сыйлықты оған алғашқы Ленин жүлдесін табыстау кезінде сыйлады. Музей ғимаратының кіреберісінде 2013 жылы тағы бір мүсін қойылды», — деді Кашкеева.

Музейде Қаныш Сәтпаев авторы атанған қазақ мектептеріне арналған алгебра оқулығының көшірмесі бар.

Аңыз ғалым Сәтпаевтың атында Шорман ауылында музей ашылған. Жәдігерлер арасында замандастарының ол туралы аудиожазбалары, Сәтпаевтың сүйікті әндерінің жазбалары бар. Таспада ғалымның да дауысы жазылған.

«Мейіз Қанышқызы (Сәтпаевтың қызы) бізге екі қап минерал сыйлады. Оны әкелу қалай ауырға соққаны әліге дейін есімде. Жүкті түсіріп алуға ғалымдар көмектесті. 1989 жылы 27 мамырда мектептің ескі ғимаратындағы физика кабинетінде музейіміз ашылды. Ақырындап академиктің туыстары бізге оның ер-тоқым, жүген, киімдері секілді жеке заттарын берді. Музей стендтерін павлодарлық суретші Бота Машрапов безендірді. Сәтпаевтың 100 жылдығында теңдікте жаңа мектеп ашылып, сол жерге музейіміз қоныс аударды», — деп әңгімеледі мектеп директоры Кайриден Мұзафаров.

Тағы оқыңыз: Әмина Өмірзақова туралы қызықты деректер

Қаныш Сәтпаев соңғы рет туған жері Баянауылда 1959 жылы болған. Ол 1964 жылы Мәскеуде ауруы асқынып қайтыс болды. Ғалым Алматыдағы орталық зиратқа жерленді.

Альма-матерде ғалымның 120 жылдығы қалай тойланады

Томскідегі политехникалық университеті қызметкерлері мен студенттері үшін Қаныш Сәтпаевтың мерейтойы — үлкен мереке, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға ТПУ баспасөз қызметі. Университет түлегінің есімін құнттап сақтап келеді.


©
Sputnik / Иосиф Будневич

Жезқазған шахтасынан көрініс

2008 жылы Томскідегі геологтар аллеясында Қаныш Сәтпаевқа ескерткіш орнатылды. ЖОО-да ғалым атындағы аудитория бар. Ал университет музейінде оған ерекше бөлім берілген.

Томск политехникалық университетінің білім беру қызметі жөніндегі проректоры Александр Вагнер геологиядағы Сәтпаевтың жолы Томск технологиялық институтының профессоры Михаил Антонович Усовпен кездесуінен кейін басталды деп айтады.

Тағы оқыңыз: Дінмұхамед Қонаев туралы не білеміз?

«Томск технологиялық институтында оқып жүрген жылдары Қаныш Имантайұлы Сәтпаев маман, зерттеуші, практик, ұйымдастырушы ретінде қалыптасты. Сәтпаевтың «Маңғыстау округіндегі Маң кен орнындағы мысты барлау және геологиялық» атты дипломдық жұмысының тақырыбы ол үшін мыс руда кен орындарын іздеу мен барлауына ықпал етті», — деді Вагнер, Қаныш Сәтпаевтың 120 жылдығына орай өткен конференцияда.

Қаныш Сәтпаевтың мерейтойы күнінде Томск политехникалық оқу орнының өкілдері қазақ әрітпестеріне «Томскідегі Қаныш Сәтпаевтың студенттік жылдары» атты кітапты және бірегей архив құжаттары жинағын табыс етті.



sputniknews.kz