“Қантөгіс болмасын“. Шерзаттың әкесі қазақстандықтарға шұғыл үндеу жасады
Талғарда төбелес салдарынан қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақстандықтарға үндеу жасады.
«Құрметті, қазақ елі! Сіздердің алдарыңызда басымды иемін! Мені қолдап, балам үшін қол ұшын беріп жатқандарыңызға көп рақмет! Мен Қонаевтағы Алматы облысының полиция департаментінің ғимаратына келдім. Ол жерде іс оң жағынан қаралып жатыр. Бізге адвокаттар көмектесуде. Марқұм болған Салтанаттың ағасының да (Айтбек Амангелді) көмегі бар. Ол кісіге де ерекше рақмет! Алғысым шексіз», – деді ол.
Шерзаттың әкесі халықтан қантөгіс болмауын сұрады.