Қаңтардан кейін істі болған Серік Күдебаевтың елден қашқаны белгілі болды
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы генерал Серік Күдебаев бүгін де сотқа келмеді.
Бұған дейін ол сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілуі керек болған.
Кейіннен оның Бішкек арқылы Түркияға қашқаны анықталды.
Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.
Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.