Қаңтардан бастап коммуналдық қызметтер тарифі қанша теңгеге арзандайды

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

346 0 0

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар су, жарық, жылу және газға ақшаны аз төлейтін болады

Аумағы 60 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтерде тұратын бір отбасы орташа есеппен төмендетілген тариф бойынша келесідегідей ақша төлейді:

  • Алматыда: қазір — 14 483 теңге (39 доллар), 2019 жылдан бастап — 13 128 теңге (35 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 9 700 теңге (26 доллар);
  • Астанада: қазір — 10 666 теңге (28 доллар), 2019 жылдан бастап — 9 604 теңге (25 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 9 000 теңге (24 доллар);
  • Шымкентте: қазір — 13 788 теңге (37 доллар), 2019 жылдан бастап — 12 447 теңге (33 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 10 000 теңге (27 доллар);
  • Актөбеде: қазір — 11 405 теңге (30 доллар), 2019 жылдан бастап — 10 336 теңге (27 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 9 000 теңге (24 доллар);
  • Өскенменде: қазір — 6 654 теңге (18 доллар), 2019 жылдан бастап — 6 341 теңге (17 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 3 000 теңге (8 доллар);
  • Таразда: қазір — 10 471 теңге (28 доллар), 2019 жылдан бастап — 9 665 теңге (26 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 5 500 теңге (14 доллар);
  • Оралда: қазір — 10 910 теңге (29 доллар), 2019 жылдан бастап 9 875 теңге (26 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 8 600 теңге (23 доллар);
  • Қызылордада: қазір — 9 153 теңге (24 доллар), 2019 жылдан бастап — 8 288 теңге (22 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 7 000 теңге (18 доллар);
  • Петропавлда: қазір — 10 857 теңге (29 доллар), 2019 жылдан бастап — 10 474 теңге (28 доллар), бір жылда үнемделетін ақша — шамамен 4 000 теңге (11 доллар).

Жылу тарифінің арзандауы:

  • Ақмола облысы — 36,8% (бір шаршы үшін 116,1-ден 73,4 теңгеге дейін);
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 1,1% (бір шаршы үшін 114,7-тен 113,4 теңгеге дейін);
  • Шығыс Қазақстан облысында — 2,8% (бір шаршы үшін 70,1-ден 68,2 теңгеге дейін);

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалған 14 өңірде де арзандату жоспарланып отыр: Қарағанды облысында 2,2%-тен бастап, Түркістан облысында 15,3%-ке дейін арзандайтын болады.

Су тарифінің арзандауы:

  • Жамбыл облысында — 22% (52,3-тен бастап 40,8 теңгеге дейін);

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа 16 өңірде 3%-тен 22,7%-ке дейін арзандайды.

Жарық тарифінің арзандауы:

  • Жамбыл облысында — 3,6% (13,35-тен бастап 12,86 теңгеге дейін);
  • Қызылорда облысында — 4% (14,51-ден бастап 13,93 теңгеге дейін);

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзге өңірлерде арзандайды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/