Қаңтарда қираған автокөліктерге 560 млн теңгеден астам қаражат төленді

0
75

Қанды қаңтарда Алматыда зардап қираған автокөліктер үшін 560 млн теңгеден астам қаражат төленді

Алматы аудандарының әкімдіктері қаңтар оқиғалары кезінде көліктері бүлінген немесе толығымен жойылған азаматтарға шығындарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Қала билігі жалпы сомасы 566,7 млн теңгеге 143 өтінімді қанағаттандырды.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша ғана емес, сонымен қатар қаңтар айындағы оқиғалар барысында көліктері бүлінген немесе жойылған Алматы қаласының тұрғындарына байланысты жұмыс жүргізілуде», – деп хабарлады әкімдік.

Өтініштер келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қаралады.

http://t.me/orda_kz
Фото: ашық дерек көздерден