Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне кінәлі әскери қызметкерге сот үкімі оқылды
Сотталушыға 7 жылға бас бостандығынан айыру үкімі оқылып, сот залында қамауға алынды.
Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркем Мелдеханды өлтірді деп айыпталған әскери қызметкер Арман Жұманға сот үкімі оқылды, деп жазады Kznews.kz KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Сотталушыға 7 жыл бас бостандығынан айыру үкімі оқылып, сот залынан қамауға алынды.
«Үкімге қанағаттандым. Бірақ әзірге нәтижеге көңілім толады деп айта алмаймын. Десе де бүгінгі үкімге қанағаттанғанымды тағы қайталаймын», — деді зардап шеккен тараптың адвокаты Жан Күнсеркин.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы гарнизоны әскери соты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деп айыпталған әскери қызметкер Арман Жұманды ақтап шыққан болатын.
фото: ашықдереккөз