Қаңтар оқиғасында Сатыбалды – бұйрық беруші, Мәсімов – орындаушы қызметін атқарған

0
31451

Адвокат Абзал Құспанның пікірінше, қаңтар оқиғасы кезінде бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов орындаушы функциясын атқарған, деп хабарлайды halyq-uni.kz сайты.

Яғни, Мәсімов ықпалы күшті Қайрат Сатыбалдының ығына жығылып, айтқанын орындаған. Назарбаевтың інілері тұңғыш президенттің денсаулығына алаңдап, билікті басып алуға әлдеқашан дайындалған.

«Олар Тоқаевтың билігі бара-бара күшейіп кететінінен қауіптенді. Қалай болғанда да тұңғыш президенттің жасы келді. «Бір аяғы төрде, бір аяғы көрде» дейді ғой. Табиғаттың заңы ғой. Сол кезде Тоқаев ресми түрде билікте қалып қояды деген қаупі болды. Сондықтан олар дайын отырды», — дейді Абзал Құспан.