Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың тізімі жариялана ма: Тоқаев жауап берді

0

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесінде өткен баспасөз жиынында қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың тізімі жариялана ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Қаза тапқандардың тізіміне келер болсақ, әрине, ол жарияланып, біздің бүкіл жұртшылыққа белгілі болады. Айтып өткенімдей, қаза тапқандардың арасында лаңкестік тараптың өкілі болғандар көп. Олар өз әрекеттерімен мемлекеттік жүйеге нұқсан келтіргісі келді. Бірақ біздің мемлекетімізге қарсы ұйымдастырылған бұл шабуылдарға қатысы жоқ адамдар да бар. Осыған байланысты біз көңіл айтып, өкініш білдіреміз», — деді Тоқаев. Ол бейбіт тұрғындарға қарсы негізсіз әрекеттерге барған барлық әскери қызметкерлердің жауапқа тартылатынын айтты. «Тергеу жүріп жатыр, баллистикалық сараптамалар жүргізілуде, сол себепті бәрі белгілі болады», — деп түйіндеді сөзін президент.