«Қаңтар оқиғасында 20 мың террорист болған жоқ»: Мәсімов ойдан құрастырды ма?

0

Мәжіліс депутаты, жастарды қолдау кеңесінің басшысы Елнұр Бейсембаев «Hard Talk» арнасына берген сұхбатында «Қаңтар оқиғасындағы 20 мың террористер кімдер?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Менің ойымша, 20 мың террорист деген жоқ. Біріншіден, бұл – арандатушылық ақпарат. Бұл ақпаратты президенттің аузына салып берген Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің (ҰҚК) басшысы – Кәрім Мәсімов. Өйткені араздатып, қоғамда, үрку-қорқытуды орнату үшін істеді. Бұл – алдау үшін берілген ақпарат. Бірақ 50 мыңға жуық азаматтың бүкіл өңірлер бойынша алаңға шыққаны шындық», — дейді ол.

Журналист депутатқа «Президент бұған дейін Сыртқы істер министрі болды, Сенатты басқарды. Бұл ақпаратқа бірден сене салды ма?» деген сұрақ қойды.

«Бұл ақпаратты ҰҚК жариялап тұр. Бұл – олардың тікелей профильді жұмысы. Осы күнге дейін жұмысын атқарып келген азаматтар, профессионал айтып тұрған кезде…

Менің ойымша, ақпарат дұрыс жетпеді. Ол жайында кейін тағыда түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Президент одан кейін тіс қаққан жоқ. Одан кейін барып ҰҚК басшысы ұсталды, қорғаныс министріне байланысты сұрақтар туындады. Бұл – дұрыс. Өйткені олар қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмай қалды», — деп жауап берді депутат.