Қаңтар оқиғасынан кейін көрінбей кеткен Асқар Маминнің қайда екені белгілі болды
Қазақстанның экс-премьер-министрі Асқар Мамин Ташкенттегі хоккейшілерді марапаттау рәсімінен көрінді.
Pro.ligasy.kz сайтының мәліметінше, Өзбекстан астанасында Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның 2022/23 маусымының жабылу салтанаты өтті.
Іс-шараға Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиер Фазылов, ҚФХ бас директоры Глеб Қаратаев және ФХУ бірінші вице-президенті Баходыр Гафуров қатысты.
Қаңтардағы оқиғалардан кейін Мамин бастаған Үкімет отставкаға кетті. Бұған дейін экс-премьер-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген қауесет тараған болатын. Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.