Қаңтар оқиғасына қатысқан тағы 11 бүлікші ұсталды

0

Талдықорғандық тәртіп сақшылары қаңтардағы қақтығыстарды ұйымдастырып, оған белсенді қатысты деген күдікпен 11 бүлікшіні ұстады, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Олардың ең жасы 20-да, үлкені 39 жаста. Ұсталғандардың қаңтар оқиғасына нақты қатысы бар екендігі сол жерден түсірілген бейнежазбалар арқылы анықталды. Қолға түскендерге полиция басқармасы мен облыстық әкімдік ғимаратын басып алып, әскерилер мен полицияға қарсы күш қолданды деген айып тағылды. Тінту барысында күдіктілерден екі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен оқ-дәрі, полицияның оқ өткізбейтін сауыттары мен арнайы құрылғылар тәркіленді. Бұл айғақтар қалалық және облыстық полиция ғимаратын басып алу кезінде қолды болған заттар тізіміне енгізілген. Жиналған материалдардың барлығы арнайы прокуратураға жолдады деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

(фото 24kz.kz сайтынан алынды)