Қаңтар оқиғасына байланысты ҰҚК сегіз қызметкері қамауға алынды

0

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындәлиевтің айтуынша, 15 адам күдікке ілінген. Тоғыз қызметкер қамауға алынды: ҰҚК сегіз қызметкері және Ішкі істер министрлігінің бір өкілі, деп жазады orda.kz сайты.

«Оларды кінәлі деп айта алмаймыз, тергеу жүріп жатыр. Қайтыс болғандардың тізімі белгілі, жариялаймыз. Бірақ қазір тергеу амалдары жүргізілуде, адамның қайда және қандай жағдайда қайтыс болғанын анықтауымыз керек», — деді Бас прокурордың орынбасары Шындәлиев Мәжіліс отырысында.

Бұған дейін еліміздің бас прокуроры Берік Асылов қаңтардағы қайғылы оқиғада елде барлығы 230 адам қаза тапқанын, оның 19-ы әскерилер мен қауіпсіздік қызметкерлері екенін хабарлаған. Қайтыс болғандардың көбі Алматыда – 139 адам, оның 86-сы әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасау кезінде және тәртіп орнату кезінде қаза тапқан.