Домой Жаңалықтар Қаңтар оқиғасын ұйымдастыруға Назарбаевтың отбасы мүшелерінің қатысы бар – Абзал Құспан

Қаңтар оқиғасын ұйымдастыруға Назарбаевтың отбасы мүшелерінің қатысы бар – Абзал Құспан

0
54253

Абзал Құспан қаңтар оқиғасына Назарбаевтар отбасы мүшелерінің қатысы барын айтты, деп хабарлайды halyq-uni.kz сайты.

Қаңтар оқиғасын ұйымдастыруға Назарбаевтар отбасы мүшелерінің қатысы бар. Бұл жайында белгілі адвокат Абзал Құспан «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Отбасы мүшелері, оның ішінде қамауда жатқан Қайрат Сатыбалды ең негізгі тұлға. «Центровой фигура» дейді ғой. Оның командасы мықты екенін білеміз. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бар, «Дикий Арман» бар. Оның ҰҚК-мен байланысы барын қаңтар оқиғасына дейін айтқанбыз. Қолдан жасалған «батыр» еді ғой. Осы армия дайын болды», — дейді адвокат.