«Қаңтар оқиғасы» кезінде тұтқындалған Бердах Бекетов бостандыққа шығуы мүмкін

0
6136

«Қалаулым» бағдарламасы арқылы танылған Бердах Бекетов қаңтардағы бүлікке қатысқаны үшін тұтқындалған болатын. Бұл туралы Бердахтың әпкесі айтып берді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

«Кеше біз Ауғанбаевтың қабылдауына жазылған едік. 10-да барып тұрдық, 10 жарымда бізді кіргізді. Бердахты тергеп жатқан топтың басшысын шақырып, бүкіл мәселені 1-ге дейін талқыладық. Кішкене көз жас та болды, бір-бірімізбен сөз таластыру да болды. Бірақ, мәмілеге келдік деп айта аламын. Олар бізге «бір аптадай уақыт беріңіздер» деп уақыт сұрады. «Жоғары жаққа, бас прокуратураға хабарлайық» деді. Сегіз айдан бері хабарламаған бе екен деп таң қалып қалдым. Осы мәселені өтініш жазып шығамын деді. Енді үмітсіз шайтан, үміттеніп бір апта күтейік. Сол баяғы үй қамағы ғой. Ең бастысы балалар аман ғой, Құдай қаласа балалар шығады», — деді Бердах Бекетовтің әпкесі Перизат Бекет.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ғана ҚР Президенті Қасым-Жомар Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кіәнісін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға түсіністік қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рахымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», — деп Қасым-Жомарт Тоқаев көпшілік қауымды қуантып қойған болатын.