Қырғызстанның құқық қорғау органдары Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған музыкант Викрам Рузахуновтың азапталуына қатысты істі тергеу аяқталды. Материалдар Қазақстанға жіберілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Рузахуновтың өзі Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Сарапшылар менің денсаулығыма ауыр зиян келтірілді деп бағалады. Жиналған материалдар Қырғызстанның Бас прокуратурасы арқылы кінәлі тұлғаларды анықтау және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанның құзыретті органдарына жіберілетін болады», — деді ол.
Айта кетейік, Қазақстандағы қаңтар қырғыны кезінде Қырғызстанның 10-ға жуық азаматы ұсталып, босатылған.Олардың арасында белгілі қырғыз музыканты Викрам Рузахунов та болды.
Ақпанда Қырғызстан прокуратурасы музыканның азапталуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.