Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу толықтай аяқталды

0

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаевтың айтуынша, бүгінде 1 249 адам сотталған. 160 адам бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайлы  Kznews.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәсімов және ҰҚК-нің басқа басшыларына қатысты істер сотқа жіберілді. Олар билікті басып алуға, мемлекетке опасыздық жасауға және биліктен асып кетуге тырысты деп айыпталуда.

Бұрынғы Қорғаныс министрі Бектановтың билікті асыра пайдаланды деген айыппен ісі сотқа жіберілді.

Сондай-ақ, билікті асыра пайдаланды деген айыппен Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары Ұлттық қауіпсіздік және полиция органдары департаменттерінің бұрынғы басшылығына қатысты тергеу аяқталды.

«Біз Алматы және Талдықорған қалаларында ҰҚК және ІІМ-нің 29 қызметкеріне қатысты қылмыстық істерді аяқтадық. Оның 17-сі сотқа жолданды», — деп атап өтті Тәшімбаев.

Фото: qazaq1913.com