Қант, сұйық май, күріш пен сүт қымбаттады
Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл Қостанай облысында қант, күріш, сұйық май мен сүттің бағасы өскен. Бұл жайында ауылшаруашылық басқармасы хабарлады.
Қант – 35 пайыз, күріш – 19 пайыз, орамжапырақ – 16 пайыз, ал тауық еті 5 пайызға көтерілген. Ал пияз 30 пайызға, картоп 25 пайызға, сәбіз 15 пайызға, жұмыртқа 2 пайызға, ірімшік 1 пайызға арзандаған екен.
«Сүт өнімдердің қымбаттауы – шикізат өнімінің өсуіне байланысты. Оған қоса, логистикалық қызметтердің тарифі өзгеріп, өнімді қаптату да қымбаттаған. Қант үлкен сұранысқа ие болғандықтан Ресей мен Белоруссиядан тасымалданады. Ал күріш болса Ресейден тек күздігүні ғана әкелінеді. Онда ол Қызылордадан жеткізіледі», – дейді Ауылшаруашылық басқармасының қайта өңдеу және маркетинг бөлімінің жетекшісі Жанар Балтабаева.
Бүгінде 2018-2019 жылға қажетті өнімді алуға 705 млн теңге Қостанай облыстық Тұрақтандырма қорына бөлінген. Оған 4,8 мың тонна көлемінде 12 түрлі өнім сатып алынған. Енді облыстық бюджеттен 176 млн теңге тағы бөлінді.
Дереккөз: Айқын