Қант диабеті бар науқастар дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілді

0
129
27 Қараша 2018, 22:58 106 0

Фото: message-global.com

Астана, BAQ.KZ. Қант диабеті бар науқастарға арналған дәрі-дәрмектердің қажеттілігі медициналық ұйымдардан түскен өтінімдерге сәйкес толық қамтамасыз етілді. Осы уақытқа дейін тегін дәрілік препараттарды тарататын медициналық ұйымдар мен дәріханаларға 15,9 млрд теңге сомаға қант диабеті бар науқастар үшін дәрі-дәрмектер түсті. Бұл туралы «СК-Формация» баспасөз қызметі мәлімдеді.

2018 жылы бірыңғай дистрибьютор диабетпен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін әртүрлі дозаларды және дәрілік формаларды ескере отырып дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың барлығы 47 атауын сатып алды және жөнелтті.

Бірыңғай дистрибьютордың деректері бойынша, мұндай дәрі-дәрмектерді медициналық ұйымдарға жеткізуде үзілістер жоқ. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бірқатар өңірлерде қант диабеті бар науқастарды емдеу үшін инсулиннің және басқа дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары 4 млрд теңге сомаға жинақталады. Бұл тоқсандық қажеттілікті құрайды. Қазір медициналық ұйымдар 528 млн теңге сомаға талап етілмеген инсулиндерді қайтаруды жүзеге асырды.

Дәрілік қамтамасыз мәселелері бойынша байланыс орталығының 1439 нөміріне қараша айында шамамен мыңдаған қоңырау түскен, оның 20-сы инсулиндерді жеткізудегі үзіліске қатысты. Барлық анықталған мәселелер қажеттіліктерді дұрыс қалыптастырмаумен байланысты болды. Жүгінген науқастар дәрі-дәрмектермен өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларымен препараттарды ауыстыру шеңберінде қамтамасыз етілді.

Инсулин сорғыларына арналған шығын материалдары мен инфузиялық жинақтар медициналық ұйымдардың өтінімдеріне сәйкес сатып алынды.

Бастапқы өтінім осы өнімге 513 млн. теңге сомаға берілген, қазіргі уақытта қосымша өтінімдер бойынша медициналық ұйым 610 млн. теңге сомаға шығын материалдарын және инфузиялық жинақтарды жөнелткен. Өнім беруші «Медтроник» ЖШС медициналық ұйымнан тиісті өтінімді алған жағдайда жылдық көлемде инсулин сорғыларына шығын материалдарын тегін жеткізеді, жарияланған қажеттіліктерге қатаң сәйкестікте жөнелтіледі.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ