Қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

18 0 0

Түнде тағы 12 қазақстандық коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Індетке шалдығудың жаңа жағдайы елорда мен төрт өңірде тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір — Sputnik. Қазақстанда 435 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлады.

Түнде Солтүстік Қазақстанда — 3, астанада — 6, Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында тағы бір жағдайдан тіркелген. 

Барлығы елде 435 адам коронавирус жұқтырды:

  • Нұр-Сұлтан — 199;
  • Алматы — 91;
  • Шымкент — 11;
  • Ақмола облысы — 19;
  • Ақтөбе облысы — 5;
  • Алматы облысы — 9;
  • Атырау облысы — 19;
  • Шығыс Қазақстан облысы — 3;
  • Жамбыл облысы — 6;
  • Батыс Қазақстан облысы -2;
  • Қарағанды облысы — 21;
  • Қызылорда облысы — 26;
  • Маңғыстау облысы — 1;
  • Павлодар облысы — 1;
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 11;
  • Түркістан облысы — 11.

Індеттен республика бойынша үш адам қайтыс болды. Коронавирустан бірінші Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны 26 наурызда көз жұмған еді. Екінші 50 жастағы қазақстандық 31 наурызда қайтыс болды. 1 сәуір күні үшінші адам Қарағанды облысында көз жұмды. 27 адам жазылып шықты.



sputniknews.kz