қанша адамның жан сақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қордайдағы қақтығыста зардап шеккендердің нақты санын атады

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасымен оқиға орнында үкімет комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Жедел медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына мамандар тобы мен жедел медициналық көмек бригадалары жіберілді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қордай ауданындағы қақтығысқа байланысты 100-ден аса медицина қызметкері және 36 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды. Оның ішінде екі жедел жәрдем тікұшағы бар.

«Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 178 адам зардап шекті. Қаза болғандар саны – 10. Оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, екі адам ауруханада қайтыс болды», — делінген министрлік хабарламасында.

Оныншы ақпандағы мәлімет бойынша, 41 адам ауруханада жатыр. Оның тоғызы жан сақтау бөлімінде, 32 адам арнайы бөлімде. Алматыда 25 адам, Жамбыл облысында 14 адам, Қырғызстанда екі адам ауруханада ем қабылдауда. 17 адамға ота жасалды.

«Медициналық көмекке 170 адам жүгінді, оның 117-сіне амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілді. 102 адам Қазақстанда болса, 15-і Қырғызстанда. 53 адам стационарлық көмекке жүгінді, оның 43-і Қазақстанда, ал 10-ы Қырғызстанда көмек алды», — деді денсаулық сақтау министрлігі.

Тағы оқыңыз: Сапарбаев Қордайдағы қақтығысқа қатысты тың деректі бөлісті

Бүгін Қырғызстандағы екі науқасты Қордайдағы емханаға жеткізу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлық науқас мамандардың бақылауында және олар қажетті ем-дом алып жатыр.



sputniknews.kz