Қаңғыбас иттерді жойып жатыр | КТК

0
Қаңғыбас иттерді жойып жатыр


Ашхабадта қаңғыбас иттерді ұстау шарасы қайта басталды.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, коммуналдық қызметкерлер қаңғыбас иттерді темір сойылдармен сабап, ұстап әкетіп жатыр. Әдетте Түркіменстанда мемлекеттік мерекелер не қоғамдық-саяси мәні бар іс-шаралар алдында көшені жабайы иттерден тазартады.

Ұсталған иттерді қайда қамайтыны, не істейтіні белгісіз. Қала билігі түсініктеме бермейді. Жануарлар құқығын қорғаушылардың айтуынша, ұсталған ит-мысықтарды жаппай өлтіреді.

Дереккөз: centralasian.org