Қаңғыбас адам көшеден тауып алған 17 мың долларды қайырымдылық ұйымына берген

0

2018 жылғы 7 желтоқсан 10:36 94

Қаңғыбас адам көшеден тауып алған 17 мың долларды қайырымдылық ұйымына берген

АСТАНА. ҚазАқпарат -Үйсіз-күйсіз жүрген Самнер қаласының тұрғыны (АҚШ)  Кевин Бут көшеден ақша толы пакетті тауып алған. Ол ойда-жоқта үстінен түскен «қазынаны» өзіне алмай, қайырымдылық азық-түлік банкіне берген, деп хабарлайды Seattle Time.

Кевин — Вашингтон штатындағы Самнер қаласында орналасқан азық-түлік банкінің жиі келетін қонағы. Ол таңертең әдеттегідей тамақтану үшін банкке барған. Кевин ғимараттың маңынан қоңыр түсті пакетті байқап қалады. Алғашқыда пакеттің ішінде азық-түлік бар деп ойлаған, бірақ ішін ашқанда ақшаны көрген. Пакетте 17 мың доллар болған.

Ол көп ойланбастан сөмкені алып, азық-түлік банкінің валонтеріне береді. Ал пакетті тамақ салынған болар деген оймен ашқан ерікті 20 және 100 долларлық қағаз ақшаны көріп таң қалған. Полиция оны тәркілеп, тергеу жүргізуді бастады.

90 күннің ішінде полиция ақшаның иесін таппаған соң қаржыны қайырымдылық ұйымына беруді жөн деп тапқан. Олар Кевинге адалдығы үшін алғыс білдірді.