Қанды қаңтар: 22 жастағы мұғалім бостандыққа шықты

0
546

Қанды қаңтар оқиғасы бойынша қамауға алынған ұстаз Өркен Ерзат бұлтартпау шарасын өзгертіп, уақытша ұстау изоляторынан кепілдікпен босатылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының прокуратурасы Ерзаттың жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінгенін хабарлады (ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі).

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобының 2 ақпандағы қаулысымен Ерзаттың денсаулығына байланысты бұлтартпау шарасы сол жерден кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы жазбаша міндеттемеге ауыстырылды», — делінген прокуратура жауабында.