«Қандастар алғашқы адам деңгейіне түсіп барады» — Кәсіпкер Құралай, Жанат бақсыға сенетіндер туралы айтты

0

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Facebook парақшасында жазба жариялады.

«Кейінгі 20 жылда Қазақ қатты жасарып кетті. Біздің халықтың қазіргі орта жасы 40-50  емес ау,  мөлшермен 7-8 жаста десе болады.
Және де көптеген қандастарымыз алғашқы адамдар «Примитивный человек» деңгейіне түсіп барады..

Неге дейсіз бе?
Осы постты соңына дейін оқысаңыз түсінесіз..

ММ-«Магическое Мышление» деген ойлау әлі көп адамдарда бар, әсіресе біздің қазақтың көбінде бар. Қазақша СС-«Сиқырға сену» деп аудардым, дұрыс па? Сіздер қандай нұсқа ұсынасыздар?

Әлла Аят деген ұйғыр құдайға, Жанат Қожамжаров деген бақсының сандырағына, Расылхан, Құралай, Айнұр сияқты әншілердің, Омар Жәлел сияқты пәлсапашының ертегілеріне сеніп жүрген миллиондаған қандастарымыз ос СС- Сиқырға сену, яғни ММ -Магическое мышлениемен ойлайтындар қатарынан..

Оның жақсы жағы да бар: «Ойлар орындалады (Мысли материальны), еңсеңді түсірме, бәрі оңынан болады» деу арқылы кейбір адамдарды депрессиядан шығарып, үмітін жағып береді.

Бірақ ғылым білім дамымай тұрған ежелге қоғамда өмір сүрген ежелгі адамдар «примитивный человек» , «бір әрекеттер арқылы жаңбыр жаудыруға болады, біреуге қарғыс жаудырып жолын кесуге «порча, ) біреудің киімін алып оқып тастауға болады»  болады дегенге сенетін болған, «Бұл сиқырлар болады, өйткені ол оны қалайды»  деп сенеді
Фрейд.

Біздің қандастырымыздың көбінің сол «примитивный человек» деңгейіне түсіп кеткенін байқап жүрсіздер ма?

Әдетте ММ- Магическое мышление, СС — Сиқырға сену 7-8 жастарға тән нәрсе.

ММ-СС қандай жаманшылығы, зияны бар?
1) СС адамдар не болса соған сеніп, Ұйғыр құдай, СЮЦАЙ сияқты түрлі секталарға сеніп, қарызға кіріп бүкіл ақшаларын соларға апарып беріп, солардың мүридіне айналу қаупі бар. СЮЦАЙ 6000  өзінің сектасын жарнамалайтын адамдарды даярлаған, олар да ары қарай оларды «өндіріп» көбейтіп жатыр
2) Индира Расылхан, Құралай, Айнұр сияқты білімі жоқ әнші, блогерлердің соңына еріп, аспаннан ақша жауғанын күтіп әрекетсіз, жасыл нәски, қызыл әмиян алып содан үміт күтіп пұшайман күйге түсе бастайды. Ғылым, білімнен қол үзеді
3) 7 жастағы баланың күйіне түсіп, түрлі арбауларға «манипуляция» ға тез берілетін, қуыршақтарға айналады. Мен қоғамның дәл осындай күйге түсіп кеткенін байқамай қалған екенмін..

Есі дұрыс, Абай, Шәкәрімді насихаттап, елді ауызына қаратып жүрген Омар Жәлел сол Жанат бақсының тренингіне қатысып,Жанат бақсының  Кенесары Ханның рухын, аруағын қондырып берген Сауууле Кенесары хан қызын жарнамалап жүргенін көрген соң

Динара Сатжан мен Ләйлә Сұлтанқызының Жанат бақсының аузындағы әрбір сөзге құдайдай сеніп, сұхбат алып отырғанын көрген соң Құралай ханымның Жанат бақсыға табынып, пір санап отырғанын көрген соң
ШОШЫДЫМ!!!

Әзірге барлығымыз сол жаңбырдың суын ішпей тұрғанда жасауымыз керек..

Қандай су дейсіз бе? Абайдың Масғұтын оқыңыз…» — деп жазды кәсіпкер.