“Қандарын ішем”: Ләйлә Сұлтанқызы өзіне салықтан жалтарды деген айыппен келіспей, желіде шу шығарды

0

Тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы салық төлемегендердің қатарында жүргеніне наразы болып, желіде шу шығарды.

«Салық туралы

Қымбатты оқырманым, әлеуметтік желіде тарап жатқан мына суретті маған жарыса жіберіп жатыр екенсіздер. Өзгелер үшін жауап бере алмаймын. Мен соңғы 5-6 жылда дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде салығымды төлеп отырмын. Бірақ бірден айтайын, менің оборотым мына жерде көрсетілген сомаға сай келмейді. Әрі 2023 жылы 10 шілдеде күшіне енген Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Қазақстан Республикасының Заңына сай толығымен жұмыс істеп жатырмын деп сенімді түрде айта аламын. Мен өзім салық, құжат дегендерге бей-жай қарай алмайтын адаммын. Оны көмекшілерім де, заңгерім де, есепшім де (бухгалтер) растай алады. Кәдімгідей қандарын ішем ғой.

Сондықтан да алдағы уақытта салық органдарына жүгініп, міндетті түрде қайта тексерісті талап етемін. Салықтан ешкім жалтармайды, жалтармауы да тиіс. Ол әлеуметтік саланың бірден-бір қайнар көзі. Жанашырлық танытып жатқан жандарға да алғыс. Алдағы уақытта салық есептелігінің нәтижесімен міндетті түрде бөлісемін.

Әзірге осы. Сосын бар ғой, жақсы білесіздер оқырмандарым көп болған соң, құрбы-құрдас, таныс, дос-жаран, туыстардың кәсібіне ашық жарнама жасап беретінімді. Ниетім біреу ғана — тілеулес жандардың кәсібінің жүргені», — деп түсіндірді тележүргізуші.

фото: саravan.kz