Қандай хобби денсаулыққа пайдалы |
Хобби немесе адамның жеке қызығушылығы өмірдің үлкен бөлігін алады. Моральдық қанағаттанушылықты қамтамасыз ететін істер туралы айтатын болсақ, оларды іске асырудың басты себебі адамдардың қандай да бір істі жүзеге асыру үшін қажеттілігі мен қалауының болуында. Егер хобби туралы егжей-тегжейлі зерттеп, зерделейтін болсақ олардың кейбіреулерінің шынымен де денсаулыққа пайдалы екеніне көз жеткіземіз.
Сонымен, адамның физикалық және психологиялық денсаулығын қалпына келтіруге қандай қызығушылықтар көмектеседі?
Хобби әлемі және адам психологиясы
Сана үрдістеріне жақсы әсер ететін істер бар. Олардың жүзеге асуы көңіл-күй мен күш-жігерге және моральдық тепе-теңдікке оң дәрмен береді. Жанға рахат сыйлайтын осы хоббилердің бірі – қолөнермен айналысу. Кесте, тоқыма, тігу секілді шығармашылық процестер жүйке жүйесін тыныштандырып, ойларды реттеуге көмектеседі және ауыр күндерден кейінгі күйзелісті шығарып тастайды. Оның себебі, көп еңбек пен шыдамдылықты талап ететін жұмыстар мен адамдардың нәтижеге қол жеткізуді көздеуінде. Оның үстіне адам өз қолымен әдемі, талғампаз өнімді жасағанда оң эмоцияларды сезінеді.
Тыныштандыру мен босаңсу процестеріне қолдың манипуляциясынан туындайтын ағзадағы өзгерістер жауап береді. Қолдың саусақтары белсенді жұмыс жасаған кезде кіші моториканың белсенділігі белсендіріледі. Бұл адреналиннің төмендеуіне, жүрек ырғағының түзелуіне әкеліп, ішкі шиеленісті тыныштандырады.
Оның үстіне қолдың саусақтарында ағза мүшелерінің жұмыс істеуіне жауап беретін нүктелер бар. Ал қолмен жұмыс істеу кезінде біз денсаулыққа жағымды әсер ететін осы нүктелерге массаж жасаймыз.
Сонымен қатар, физикалық процестер адам психологиясына және сана-сезіміне әсер етеді. Әйелдер хоббиі шығармашылық жұмыстың жемісін басқаларға көрсете отырып, өзін-өзі құрметтеу сезімін көтереді. Егер сіз өзіңізге сеніп, жеке қабілеттеріңіз бен талантыңызды бағалағыңыз келсе, онда кез-келген шығармашылық іспен немесе қолөнермен айналысыңыз.
Хобби жеке дамуға қалай әсер етеді
Хобби арқылы потенциалды жоғарылатудың және ой-өрісті кеңейтудің керемет тәсілі – кітап оқу. Оқу – бұл зияткерлік қабілеттерді дамытудың тамаша тәсілі. Адам өзі қызыққан салада білім ала отырып, ақпаратпен байытылып, сөздік қорын кеңейтіп, әлемді тану мен мәдениеттің жалпы деңгейін көтереді.
Сондай-ақ, оқу жинаудың жеке дамуына да ықпал етеді. Осы қызығушылықтың арқасында адам зерттелетін пән туралы көптеген білім алып, хабардарлық пен білім деңгейін арттырады. Егер монета, қуыршақ, белгілер, ерекше табиғи материалдардың немесе басқа бір нәрсенің тарихы мен пайда болуы туралы көп білгіңіз келсе, онда коллекция жинауды бастайтын уақыт келді.
Шығармашылық іс және күйзеліс
Хобби әлемі өте кең. Онда адамға терапевтік көмек көрсететін шығармашылық істерге де орын бар.
Мысалы, сурет салу немесе бояу ми процесіне оң әсер етеді. Арт-терапияпен айналысу босаңсуға көмектесіп, шиеленісті түсіріп, күзеліс деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Егер сіз күйзеліске жиі ұшырасаңыз немесе өзіңіздің не қалайтыныңызды түсініп алғыңыз келсе, шығармашылықты эмоционалдық жағдайды жақсартып, рахаттанудың бір жолы ретінде қолданыңыз.
Үй жануарлары және физикалық даму
Хобби әлемі жансыз заттармен ғана емес, сонымен қатар жануарлармен де қарым-қатынас жасауды қамтиды. Қан қысымында қиындықтар бар, холестерин деңгейі жоғары немесе қан бұзушылықтарымен ауыратын адамдарға үй жануарын асырау керек. Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша, иттермен немесе мысықтармен қарым-қатынас жасап, ойын ойнау денсаулықты қалыпқа келтіруге ықпал етеді.
Мұндай өзара қарым-қатынас адамның жүйке жүйесінің процестерін тыныштандыра отырып, психикасына жақсы әсер етеді. Және соның нәтижесінде физикалық көңіл-күйін жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, үй жануарларымен күнделікті серуендеу ағзаның жалпы тонусының күшейуіне ықпал етіп, иммунитетті көтереді.
Аспаздық: рахаттану және пайдасы
Әйелдер хоббиі тіпті тағам дайындауға деген әуесқойлық болуы мүмкін. Бұл жаттығудың қандай пайдасы бар? Ең алдымен, ол тамақ және тағам дайындау әдісі. Тіпті ең талғампаз мейрамхана асханасының өзі махаббатпен жасалған сапалы, үй тамағын алмастыра алмайды. Ғалымдар үнемі үйде тамақтанатын адамдар үйден тыс жерде дайындалған тағамдарды жейтін адамдарға қарағанда күніне 130 калория тұтынатындығын анықтады.
Сондықтан, тағамды өзіңіз және отбасыңыз үшін шын ықыласпен әзірлеңіз. Бұл – тек қызықты және дәмді емес, сонымен қатар денсаулыққа пайдалы.
Спорттық хобби және денсаулыққа пайдасы
Әрине, спортпен айналысқанның пайдасы көп. Соның ішінде көп уақыт пен қомақты қаржыны талап етпейтін ең жақсы спорт түрі ол би билеу, коньки, ролик тебу, суда жүзу және бадминтон ойнау болып табылады. Спорт бағытындағы хобби әлемі ешқандай қарсы көрсеткіштер көрсетпейді.
Мұнда сіз өзіңіз ұнататын спорт түрін таңдап, денсаулықты жақсарту үшін белсенді хобби түріне назар аударсаңыз болады. Мұндай хоббилерді жүрек-қан тамыр қызметін реттеп, тыныс алу жүйесін қалпына келтіруді, иммунитетті жақсартуды, ағзаның тонусын және жүйке жүйесін жақсартқысы келгендер таңдай алады.
Әйелдер хоббиі ақша табудың жолы
Физикалық және эмоционалдық жай-күйге әсер ететін артықшылығынан басқа, әйелдер хоббиі қазіргі уақытта табыс табу тәсіліне айналуда. Киім, үй тоқымасы, интерьер бөлшектері, декупаж, скрапбукинг секілді көптеген неше түрлі ерекше шығармашылық жұмыстар бүгінде үлкен сұранысқа ие. Олар үйге жайлылық сыйтайтын зат немесе жақын адамдарға сыйлауға болатын сыйлық ретінде қолданылады және осы жұмыстың авторларына қосымша ақшалай табыс әкеледі.
Дереккөз: http://reactor.inform.kz