Қанат Мусин «Елбасы туралы» заңның күші неге жойылмай жатқанын түсіндірді

0
123

Әділет министрі Қанат Мусин «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» заңның күшін жою мәселесіне «уақыт керек» деп жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Тұңғыш президент туралы заңға келер болсақ, өздеріңіз білетіндей Конституциядан Елбасыға қатысты нормалардың бәрі алынып тасталған. Алайда тұңғыш президент жайлы айтылатын тұс және тұңғыш президентке сілтейтін нормалар тек сіз айтқан заңда (Тұңғыш президент туралы заңда – авт) ғана емес, басқа заңдарда да жазылған. Шамамен 10 шақты жерде аталып өтеді. Сол себепті бәрін қамтып, талдау жасап, тиісті шешімді қабылдау үшін белгілі бір уақыт керек. Уақыт өте келе бұл жұмыстардың бәрі жасалады», — деді Қанат Мусин Сенат кулуарында.

Министрдің айтуына қарағанда, қазір талдау жұмыстарын бейінді мемлекеттік органлар жүргізіп жатыр. Оның ішінде Әділет министрлігі де бар.

«Жұмыс дайын болғанына қарай жүргізіледі», — деді ол.