Қанат Исламның келесі жекпе-жегі 20 ақпанда өтеді

Сурет: Instagram/ Қанат Ислам
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0-1, 21 КО) жуырда шаршы алаңға оралады.
Boxingscene.com мәліметінше, Қанат Исламның келесі жекпе-жегі 20 ақпан күні Флорида штатының Майами қаласында өтеді.
10 раундтық жекпе-жекте ол ганалық Ободай Саймен кездеседі (35-3-1, 26 нокаут).
Ислам 2019 жылдың қазан айынан бері шаршы алаңға шықпады. Соңғы жекпе-жекте ол намбиялық Вальтер Каутондокваны (18-2, 17 нокаут) жеңіп, орта салмақтағы WBO халықаралық титулын иеленді.
Ал Сай соңғы рет 2019 жылдың 9 тамызында конголық Катембомен жұдырықтасты.