Қанат Ислам келесі жекпе-жегін қайда және қашан өткізеді? — Бокс
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Ислам Vesti.kz сайтына берген сұхбатында рингке қашан оралуды жоспарлап отырғанын айтты.
Боксшы жарақатының енді жазылғанын және қазіргі уақытта жаттығуға кіріскенін айтады.
«Наурызда, сол Америкада жұдырықтасып қайтамын деп отырмын, бұйыртса», — деді қазақстандық боксшы.
Қанат Ислам осы күнге дейін кәсіпқой бокста 25 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. 20 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған.
Айта кетейік, биыл маусымда қазақстандық боксшы дайындық кезінде аяғынан жарақат алды. Қанат Исламға 23 маусымда мексикалық Фернандо Каркамо, жапон Йошихиро Камегаи және америкалық Габриэль Росадоның бірі қарсылас болады деп күтілген еді.