Қанат Бозымбаев биыл елімізде қанша тонна мұнай өндірілетінін айтты
2018 жылы отын-энергетика кешенінің әр саласы бойынша көрсеткіштер толық орындалып, рекордтық нәтижелерге қол жеткіздік деп айтуға болады.
Ағымдағы жылы 89 млн тонна деңгейінде мұнай өндіру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2018 жылы отын-энергетика кешенінің әр саласы бойынша көрсеткіштер толық орындалып, рекордтық нәтижелерге қол жеткіздік деп айтуға болады. Мұнай өндіру саласы еліміздің тарихында болмаған 90 млн 360 мың тонна көлеміне жетті. Бұл 2017 жылға қарағанда 4,8 пайызға артық»,- деді министр.
Бұл ретте оның дерегінше, мұндай жоғары көрсеткішке Қашағаннан 13,2 млн тонна, Теңізден 28,6 млн тонна және Қарашығанақтан 2,2 млн тонна мұнай өндірудің арқасында қол жеткізіліп отыр.
«Ағымдағы жылы 89 млн тонна деңгейінде мұнай өндіру жоспарлануда. Бұл ретте екі сатыдағы кен орындарының өндіру көлемі табиғи құлдыраумен байланысты болып отыр. Әсіресе, Қызылорда облысындағы Құмкөл тобында 2019 жылға жоспарланған өндіріс көлемі 1 млн тоннаға төмендейді», — деді ол.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, мұнай өндірісінің табиғи түрде төмендеуін тоқтату мүмкін емес.
«Дегенмен, төмен қарқынды өндіру көлемін бірқалыпта ұстап тұру үшін тиісті шаралар жасалуда», — деді министр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz