Қанат Бозымбаев AZAL ұшағындағы шұрық-тесіктер туралы сұраққа жауап берді

0

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL жолаушылар ұшағындағы шұрық-тесіктер туралы тілшілер сұрағына жауап берді.

Әлеуметтік желіде AZAL ұшағының артқы бөлігінде шұрық-тесік іздер кадры жарияланған еді.

— Қазір ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге криминалист-сарапшылар және авиация әкімшілігінен осындай әуе оқиғаларын зерттейтін мамандар да келді. Олар қылмыстық іс аясында барлық дәлелдерді жинап, қажетті сараптамаларды жүргізеді және апаттың себебін анықтайды. Қара жәшікті шифрлау және басқа да жұмыстар жүргізіледі. Әрине, барлығын жариялаймыз, — деді Қ. Бозымбаев.
Еске сала кетейік, Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайымен танысты.