Қамауға алынады: Төреғалиге байланысты жағдайдың анық-қанығы белгілі болды

0

Төреғали Төреәли 20 тәулікке қамауға алынады.

Сот қаулысымен әнші әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Көлік құралын есірткі мас күйінде басқару фактісі бойынша көлік құралдарының бүлінуіне әкеп соқтырған оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

«Сот 2023 жылдың 14 маусымында А. мас күйінде көлік жүргізіп, патрульдік көлікке шабуыл жасағанын анықтады. Апат салдарынан автокөліктерге механикалық зақым келген»,-деп хабарлайды Алматы сотының баспасөз қызметі.

Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өкініш білдірді. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ақпарат: t.me/orda_kz

фото: kaz.nur.kz