Қалыңдық үйлену тойы күні қайтыс болды
Қысқа сілтеме алу
Дәрігерлер 29 апталық нәрестені құтқару үшін әйелге кесар тілігін жасаған. Салмағы 930 келі болатын қыз бала дүниеге келді
НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Бразилияда аяғы ауыр қалыңдық өзінің тойына бара жатып, қаза болды, деп хабарлайды Daily Mail.
30 жастағы Джессика Гуедес шіркеуге лимузинмен бара жатқан. Алайда көліктің ішінде аяғы ауыр қалыңдық өзін жағымсыз сезініпті. Оның басы айналып, мойны ауырған. Джессика есінен танып қалыпты. Оның туыстары қалыңдық шаршады деп ойлаған. Себебі, бірнеше ай бойы тойға қызу дайындық жүрген. Оның бала көтергеніне алты ай болыпты.
31 жастағы күйеу жігіт Джессика Гуедесті шіркеуде күткен. Ол сүйіктісінің кешігіп жатқанын білген кезде таңғалған.
Лимузин шіркеуде тоқтаған сәтте оның ішінен қалыңдықтың туысы жан ұшыра жүгіріп шығып, көмек сұрапты.
Джессика есін жинап, жақындарына жағдайы жақсы екенін, тек мойны мен арқасы ауырып жатқанын айтыпты. Кейін қалыңдық перзентханаға жеткізілген. Онда дәрігерлер Джессика Гуедестің инсульт алғанын анықтады.
Тағы оқыңыз: Қалыңдық жігітін бұрынғы қызын тойына шақырғаны үшін айуандықпен өлтірді
Дәрігерлер 29 апталық нәрестені құтқару үшін әйелге кесар тілігін жасаған. Нәтижесінде салмағы 930 келі болатын қыз дүниеге келді. Алайда жас ана операциядан соң көз жұмған.
Қазіргі таңда дәрігерлер сәбидің денсаулығын бақылап отыр. Олар нәрестенің екі ай ауруханада болатынын айтады.
Джессика Гуедестің жігіті болған жағдайға сенбейтінін жеткізді. Ал қалыңдықтың отбасы қыздарының соңғы тілегін орындады. Джессика донор болғысы келетінін айтқан.
sputniknews.kz