Қалыңдық тойда киген көйлегі үшін көпшіліктен сөз естіді — Қазақстан жаңалықтары

0

Желі қолданушылары тойда тым ашық көйлек киген қалыңдықты сөгіп тастады.

 

Facebook желісіндегі Тhat’s it, I’m wedding shaming (Мен тойларды осылай күлкі етемін) тобында арқасы тым ашық көйлек киген қалыңдықтың суреті жарияланды. Суретте қалыңдық күйеу жігітін құшақтап, арқасын көрсетіп тұр, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап. 

Желі қолданушылары қалыңдықтың көйлегін жақтырмай, сөгіп тастады.

«Оның сымбаты келісті екен. Оның орнында болғым келеді. Алайда бұл стрип-шоу емес, той. Әкем мені жартылай жалаңаш күйімде шіркеуге апармас еді», «Оның денесінің қаншалықты әдемі екені маңызды емес. Бұл жиіркенішті», «Шынымды айтсам, сырт келбетіңнің қандай екені қызықтырмайды. Алайда жамбасын көрсету – нашар ой», — деп жазды пікір қалдырушылар. 

 

stan.kz