Қалыңдық тойда денесін «жалаңаштап тастады» – жұртты шулатқан фото

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

17 0 0

Суретте қыз қонақтардың ортасында бір қырымен тұр

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Фотосуреттегі оптикалық елестің кесірінен желі қолданушылары қалыңдық той үстінде жалаңаштанды деп ойлап қалды. Бұл туралы The Sun жазды.

Суретте қыз қонақтардың ортасында бір қырымен тұр. Той көйлегінің белден төмен бөлігі көрінбейді, бір қараған адам қалыңдық бөксесін жалаңаштап тастаған екен деп ойлап қалады.

Алайда егер мұқият қарасаңыз, бұл оптикалық елес екенін түсінесіз. Қалыңдықтың бер жағында иығынан бастап қолын жалаңаштаған қонақтың тұрғанын байқау қиын емес, ол алыстан бөксе секілді көрінеді.   

Фотосурет Imgur порталында жарияланды. Оны 100 мыңнан астам адам көріп, ондаған пікір қалдырған.  



sputniknews.kz