Қалтаға қол сұғушы ұры қылмыс үстінде ұсталды

0
Қалтаға қол сұғушы ұры қылмыс үстінде ұсталды


Астанада екі ұры жігіт қылмыс үстінде ұсталды.

Автобус аялдамасында, автобустан шыға сала әйел телефонының ұрланғанын түсінді. Ол полиция қызметкерлерін көріп, лезде көмекке шақырды. Автобустың артынан жолға шыққан қызметкерлер оны тоқтатып, есіктерін құлыптап, тексеріс жүргізген уақытта телефонды еденнен тапқан.

Автобус жолаушылары дәлелдемелерінен құтылуға тырысып, телефонды еденге қойған екі жігітті күдікті ретінде көрсетті. Күдіктілер Атырау облысының тұрғындары болып шықты.