Қалмұханбет Қасымов министрліктегі 450 лауазымды қызметкерді жұмыстан босатпақ — новости Казахстана
Ішкі істер министрі Қалмұханбет министрліктің орталық аппараты мен аймақтардан 450 басшыны жұмыстан босататынын мәлім етті. Ол осы арқылы 16 млрд теңгені үнемдемек деп хабарлайды КТК арнасы.
«Тергеушіні, учаскелік полиция қызметкерлерін қысқартпаймыз. Министрліктің орталық аппараты мен аймақтардан 450 басшыны жұмыстан босатамыз. Сонда 16 миллиард теңге үнемеледі. Артылған ақшаны қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсаймыз. Негізі, еуропалық талапқа сай, 100 мың адамға 300 сақшы жетеді», — деді ішкі істер министрі Қасымов.
Сондай-ақ министр полицейлердің жалақысы қанша пайызға өсетінін де мәлім етті.
Қасымовтың айтуынша, патрульдік полицияның еңбекақысы 65, тергеушілердің табысы 55, учаскелік сақшылар 25, қалғанының айлығы 20 пайызға өседі.
Дәл осы қызметкерлерге баспана жалдау үшін өтемақы да төлеу жоспарланған. Ол үшін сегіз миллиард теңге бөлінген.